Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілірімен кездесті

Павлодар облысының полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілірімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қаңтарда Павлодар облысы, Успен аудандық полиция бөлімінің инспекторы Дамира Қабдыкәрім «Успен» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барып, балалармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша танымдық әңгіме өткізді.

Полицей балаларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін және құқыққа қарсы әрекеттердің құрбаны болмау үшін қандай сақтық шараларын сақтау керектігін айтты.

– Балаларға ешқандай жағдайда заңды бұзуға болмайтынын, өйткені құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жасөспірімдерге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын айттым. Сонымен қатар, біз кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда ересектердің қарауынсыз болуына жол бермеуді талқыладық. Ер жігіттермен алаяқтықтың алдын алу тақырыбында сөйлестік. Оларға бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін ескерттім, – деді инспектор Дамира Қабдыкәрім

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру