Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері бір тәулік ішінде 110 құқық бұзушылықтың жолын кесті

Павлодар облысының полицейлері бір тәулік ішінде 110 құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының инспекторлары тәулік бойы облыс орталығының аулалары мен көшелерін патрульдеу кезінде 110 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде 70 жол қозғалысы ережелерін бұзу, 17 абаттандыру ережелерін бұзу, 13 қайыр сұрау фактісі, 6 тыныштықты бұзу және 4 азамат мас күйінде қоғамдық жерде болғаны үшін жауапқа тартылды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына қоғамдық орындарда мас күйінде болған 49 азамат жеткізілді. Автокөлікті мас күйінде басқарған екі автокөлік жүргізушісі де жауапқа тартылды, бір азамат бұрын басқару құқығынан айырылған. Алты автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Мысалы Павлодар қаласында патрульдеу барысында Н.Назарбаев 31/1 көшесінде 34 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota автокөлігі тоқтатылды. Сол күні Нұрмағамбетов көшесінде полицейлер жүргізушісі мас және тиісті басқару құқығына құжаттары жоқ  LADA автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізушілер көлікті мас күйінде басқарған. Автокөліктер айып тұрағына қамалды. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Түнгі уақытта Торайғыров көшесінде алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген әйел мен ер адам ұсталды. Екеуі де тергеу үшін полиция бөлімдеріне жеткізілді, ұстау туралы іздеу бастамашыларына хабарланды.

Патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастыруда. Олар облыс орталығының аулалары мен көшелерін патрульдеуде, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жол қозғалысы ережелерінің жолын кесуде қызу жұмыс жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру