Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері бірегей қауіпсіздік жобасын жасады

Павлодар облысының полицейлері бірегей қауіпсіздік жобасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамда «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, құқықтық сана деңгейін арттыру, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Павлодар қаласының Полиция басқармасы «Цитадель» ЖШС фирмасымен бірлесіп, құқықтық тақырыпқа аудио және бейнероликтер әзірледі, сондай-ақ қала бойынша «аулада қауіпсіз болу керек», «жаяу жүргіншіні өткізіп ал», «жылдамдық режимін сақта» және т.б. билбордтар орналастырылды.

– Олардың көмегімен біз облыс тұрғындарын қоғамдық пайдалану орындарын, саябақтарды ластамауға, өндіріс қалдықтарын белгіленбеген орындарда лақтырмауға шақырамыз және құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция бұл жоба кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі тақырыбын қозғайтынын атап өтті. Тәртіп сақшылары жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бермеу туралы хабардар етеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді. Полиция мас күйінде көлік құралдарын басқару мәселесін қозғайды, өйткені бұл зиянды құбылыс тек жүргізушіге ғана емес, сонымен қатар қозғалыстың басқа қатысушыларына да үлкен қауіп төндіреді.

«Жылдамдық режимін сақта!»- мұндай билборд жүргізушілерге белгіленген жылдамдық шегінде жолда жүру қажеттілігі туралы кезекті ескерту үшін жүру бөліктері бойында орналасқан. Сондай-ақ, оқу орындары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында шоғырланған назар.

«Нөлдік төзімділік» қағидасы бойынша бейнероликтер Н.Назарбаев даңғылы мен Естай көшесінің, Академик Сәтбаев – Кривенко көшесінің, Н.Назарбаев даңғылы – Лермонтов көшесінің, Торайғыров – Академик Сәтбаев көшесінің қиылысында, ТЖ вокзалы ғимаратының жанында, әуежай ғимаратының жанында көрсетіледі.

– Айта кету керек, Павлодар облысының полицейлері ұсынған бұл жоба бірегей. Себебі мұндай «жарнаманың» мақсаты – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзу проблемаларын адамдардың қабылдауына әсер ету және адами құндылықтарды нығайту, – деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру