Павлодар облысының полицейлері интернет-алаяқтыққа күдікті бес тұрғынды құрықтады
«Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу нәтижесінде Павлодарлық жедел уәкілдер интернет-алаяқтықта күдіктілердің бесеуін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Барлық фактілер тіркелді, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 3 адамнан еркін айналымда тыйым салынған өнім (контрафактілік өнім) алынды. Интернет пайдаланушыларға қатысты бұрын жасалған 6 қылмыс ашылды.
Профилактикалық іс-шараны өткізу барысында Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу арқылы телефонынан айырылған 59 жастағы ер адамның шотынан 700 мыңнан астам ақша ұрлығын жасады деп күдіктенген 22 жастағы жас жігітті анықтады.
Қала тұрғыны мобильді банкингке қол жеткізіп, табылған телефонның паролін алып, телефон иесінің атынан тауарлық несие рәсімдеген. Тауарды алғаннан кейін ол тауарды қайта сату арқылы қолма-қол ақша алған.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, полицияға 82 жастағы зейнеткер өтініш білдірді. Анықталғандай, қала тұрғынының үйінің кіреберісінде 20-25 жас аралығындағы белгісіз қыз алдау жолымен 2 млн 500 мың теңге сомасында ақша қаражатын иеленген.
Алаяқ жәбірленушіге немересінің даусы бойынша қоңырау шалып, жылап, жол-көлік оқиғасына түскенін айтқан. Онда жүргізуші зарда шегіп оған операцияға және істі жабуға ақша керек дегенді естіген зейнеткер белгісіз азаматқа бар ақшасын беріп жіберген.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті анықталып, ұсталды.
Тергеу барысында күдікті Telegram мобильді қосымшасында табыс іздеу барысында чатқа кіргені анықталды, онда оған ақша қаражатын тасымалдау және аудару үшін курьер жұмысы ұсынылған. 25 жастағы қала тұрғыны осыған ұқсас үш қылмыс жасады деп күдіктеліп жатыр.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.