Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері мас күйде мотоцикл басқарған жүргізушіні құрықтады

Павлодар облысының полицейлері мас күйде мотоцикл басқарған жүргізушіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Май ауданындағы ауылдардың бірін патрульдеу кезінде 49 жастағы жүргізушінің басқаруындағы HONDA мотоцикл тоқтатылды, оның жүргізушісі полиция қызметкерлерінің күдігін туғызды. Медициналық куәландыру полицияның болжамдарын растады.

– Жүргізушінің орташа дәрежелі мас күйінде екені анықталды. Сонымен қатар жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы болмады.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік материал жасалды, материал сотта қаралды. Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мотоцикл арнайы айып тұрағына қамалғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру