Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері мас күйде мотоцикл тізгіндеген ауыл тұрғынын анықтады

Павлодар облысының полицейлері мас күйде мотоцикл тізгіндеген ауыл тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз жұмыс күшіне, шетелдік азаматтарды тарту фактілерінің жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері мекенжайдағы шаруа қожалықтарын тексерді.

Жұмыс кезінде Қоскөл ауылының аумағында ауылдық жолдағы учаскелік полиция инспекторы қой бағып жүрген HONGYA мотоцикл жүргізушісін тоқтатты. Әңгіме барысында одан алкогольдің өткір иісі шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес 50 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде және көлік құралдарын жүргізу құқығы жоқ болған.

– Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 6-бөлімінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотта қаралды, сот қаулысымен ер адам 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру