Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

Павлодар облысының полицейлері “Мектепке жол” акциясы бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өткізілуде және Павлодар полицейлері үшін дәстүрге айналған акциялардың бірі.

Жыл сайын Екібастұз полициясының қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсетеді. Балаларға мектеп формасын, аяқ киімді, рюкзактарды, кеңсе тауарларын сатып алады.

– Мұндай акцияларды өткізу – қажетті іс-шара. Біздің балаларымыз шетте қалмауы керек, ең бастысы, олар назардан тыс қалмауы керек, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ аға инспекторы Жұлдыз Қалиханова.

Өз кезегінде ата-аналар мен балалар полицейлерге алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар Ертіс аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясына атсалысты. Бұл қайырымдылық шараның негізгі мақсаты – көп балалы отбасылардағы балаларға мектепке дайындалуға көмектесу. Осы акция аясында полиция қызметкерлері бес бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасына көмектесті.

Тәртіп сақшылары балаларға оқуда және жаңа бастамаларда, танымдық сабақтарда, қызықты жаңалықтарда және қойылған барлық міндеттер мен мақсаттарды міндетті түрде орындауда табыс тіледі. Балалардың ата-аналары өз кезегінде полицейлерге үлкен алғыстарын білдірді, бұл ата-аналар үшін балаларды мектепке жинауды едәуір жеңілдетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру