Павлодар облысының полицейлері оқушыларға экскурсия ұйымдастырды
Павлодар облысының полицейлері оқушыларға экскурсия өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы демалыс кезінде Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің полицейлері Шарбақты ауылының N°1 ЖОББМ мектеп жанындағы лагерінің балаларына экскурсия ұйымдастырды. Полиция қызметкерлері балаларға өз жұмыстары туралы айтып, оның нақты не екенін көрсетті. Оқушылар арнайы құрал-жабдықтармен танысты. Тәртіп сақшылары жеке қорғаныс құралдарымен таныстырып, балаларға оқ өтпейтін жилет, қорғаныш дулығасын кигізіп көрсетті.
– Экскурсия барысында полицейлер балаларға жол қозғалысының негізгі ережелерін түсіндіріп, олардың қатаң сақталуына назар аударып, жол-көлік оқиғаларының себептері туралы айтып берді. Түрлі жағдайларда тек белдікті бекіту керек болса, екіншісінде – жолда асықпау қажет. Балалар адам өмірінің қаншалықты қымбат екенін және жол қозғалысы ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екенін білді, – деді полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ардақ Ещмағамбетов.
Полиция қызметкерлерімен кездесу балалар үшін өте танымды және қызық болды.