Павлодар облысының полицейлері қоян-қолтық ұрыстан сайысқа түсті
«Динамо» спорт кешенінде Павлодар облысының құқық қорғау құрылымдары арасында іріктеу турнирі өтті. Жарысқа 13 команда қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Турнирді облыстық полиция ведомствосы бастығының орынбасары Данияр Бек ашты. Ол өз сөзінде қызметкерлердің спорттық рухы мен жоғары дене шынықтыру дайындығын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
– Бұл полиция қызметкерлерін кәсіби даярлауға бағытталған ерекше спорт түрі. Қоян-қолтық күрес әдістерін меңгеру – әрқашан беделді және құрметті болды. Бұл қызметте көмектеседі, тәртіпті және күш, ептілік, төзімділік сияқты қасиеттерді жетілдіруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Данияр Бек.
Бірнеше сағат бойы жанкүйерлер татамиде қызықты және әсерлі жекпе-жектерді көріп, қатысушыларды қолдап, жігерлендірді. Жекпе-жекті білікті төрешілер бағалады.Турнир қорытындысы бойынша, Павлодар қаласы ПБ қызметкері Медет Құдайбергенов 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде; ҚР ІІМ ҚАЖК оқу орталығы, Мұхтар Аңсар 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде; 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Екібастұз қаласы ПД, Әмірлан Қалымжан; 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде МКҚБ, Мақсат Кәрімов; 97 келіден астам салмақ дәрежесінде Болатов Бақтияр, Баянауыл ауданы ПБ қызметкері жеңімпаз атанды.
Арнайы мақсаттағы бөлімшелер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сұлтан Кәкенов және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Руслан Костоев бірінші орынға ие болды. Жалпы командалық есепте ҚР ІІМ ҚАЖК оқу орталығының командасы, МКҚБ екінші орынды Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің командасы үшінші орынды иеленді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер арасында Павлодар облысы ПД ЖҚАЖ командасы алтын, ОЖВ командасынан күміс алды.