Павлодар облысының полицейлері тұрғындардан қару тәркіледі
Павлодар облысының полицейлері тұрғындардан қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының тұрғындарынан шетелдік екі тапанша тәркіленді.
– Мәселен, 6 шілдеде Павлодар қаласының бірінде 30 жастағы жергілікті тұрғыннан автокөлік орындығының астында тұрған Pheinmetall AБТ Sommerda тапаншасы тәркіленді. Тағы бір жағдайда, 12 шілдеде үй ауласында 32 жастағы азамат ұсталды. Ол өзімен бірге Smith Wesson тапаншасын алып жүрді. Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген қарулар бойынша сараптама тағайындалды, – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Полиция департаменті қаруды заңсыз сақтағаны, өткізгені және алып жүргені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адам оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін, қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.