Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері заңсыз ағаш тасымалдаған екі жүргізушіні анықтады

Павлодар облысының полицейлері заңсыз ағаш тасымалдаған екі жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Павлодар – Семей автожолында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 3 миллион теңгеден астам сомаға көлемі 70 м3-дан астам қарағай ағаштарын тасымалдаған екі КамАЗ көлігін тоқтатты.

Полицейлер жоғарыда аталған орманды Шарбақты ауданының «Ертіс Орманы» Шалдай филиалының Бірінші мамыр орманшылығында заңсыз кесіп, мерзімі өткен және тиісті емес жүк құжаттар бойынша Семей қаласына сатуға жіберілгенін анықтады.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру