Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері жастармен профилактикалық әңгіме жүргізді

Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция қызметкерлері жастармен профилактикалық әңгіме өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері электронды темекі мен вейптің зияны туралы айтып берді. Лудоманияға, нашақорлықтың, вандализмнің алдын алуға және олардың қайғылы салдарына ерекше назар аударылды.

Балаларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, көшеде, үйде және демалыста қауіпсіздік ережелері, жеке заттарының сақталуы үшін жауапкершілік және заңнаманы бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Жасөспірімдерге интернеттегі тәртіп ережелері туралы айтты. Бұл қиындықтардан аулақ болуға және қылмыскерлер мен алаяқтардың құрбаны болмауға көмектеседі.

– Біз мұндай профилактикалық әңгімелерді тұрақты негізде жүргіземіз. Олар ақпараттық және пайдалы түрде өтеді. Полицейлер балалардың барлық сұрақтарына түсініктеме берді. Кездесу соңында жеткіншектер полиция қызметкерлеріне пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдірді, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру