Павлодар облысының полицейлері жолда көліктері бұзылған жолаушыларға көмектесті
Павлодар облысының полицейлері жолда көліктері бұзылған жолаушыларға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана тұрғыны автопатруль экипажының Павлодар облысы қызметкерлеріне Мәдениет Жекенов пен Сайран Душимовқа жауаптылығы мен көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіреді.
– Біз үйге бара жатқанда, Аққулы ауылының маңындағы тасжолда көлігіміз сынып қалды. Жүргізуші көлікті өз бетінше істеуге тырысты, бірақ бәрі нәтижесіз болды. Сол кезде жанымыздан полицейлер өтіп бара жатты, олар Павлодар қаласының техникалық қызмет көрсету станциясына автокөлікті сүйреп апарды, онда шеберлер кәсіби көмек көрсетті және біз қайта жолға шықтық. Патрульдік полицейлерге уақытылы көмек көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіремін, – дейді елорда тұрғыны алғысын білдіріп.
Өз кезегінде полиция департаментінің басшылығы полиция қызметкерлерінің қызметтік қызметіне оң баға бергені үшін ризашылығын білдіреді және ПД қызметтері мен бөлімшелері азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін барынша күш салатынына сендіреді. Сондай-ақ жүргізушілерге алыс сапарға шықпас бұрын көлігінің техникалық жағдайын тексеруді ұсынады.