Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері 124 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
2020 жылы павлодардық полицейлер 7000-нан астам адамды қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 2020 жылдың 10 айында облыс полицейлері 124 000-ға жуық түрлі әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Мысалы, 7000-нан астам адам қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген, олардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Тыныштықты бұзғаны үшін 2 640-тан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.