Павлодар облысының полициясы «Бала және бағдаршам» акциясын өткізіп жатыр
Павлодар облысының Ертіс ауылында бастауыш сынып оқушылары үшін жас қозғалыс инспекторлары жол жүру ережелерін сақтау бойынша қызықты және нұсқаулық сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер балалар түсінетін тілде жолда өздерін қалай ұстау керектігін, қандай бағдаршам жанғанда өту қажеттілігін, егер қандай да бір оқиғаның куәгері болса, қайда хабарлау керектігін түсіндірді.
– Мұндай сабақтар балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу үшін жүргізіледі. Өйткені, балалар жолда оқиғамен бетпе-бет келгенде өздерін қалай ұстау керектігін білмейді. Жолда қауіпсіз жүріс-тұрысты насихаттау мақсатында өңірде «Бала және бағдаршам» акциясы басталды. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрақты түрде осындай іс -шараларды өткізеді. Мектеп демалысы қарсаңында мектеп және мектеп жасына дейінгі балалар үшін жол жүру ережелерінің негізін қалайтын интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылады, – дейді Павлодар облысы Ертіс ауданының ювеналды полициясының аға инспекторы Әлия Мұсабекова.
– Біз бастауыш сынып оқушыларына жол жүру ережелері туралы түсіндірдік. Сондай-ақ, ойын түрінде мультфильмдер мен ертегілер бойынша жол қозғалысына қатысушылар, жол белгілері мен бағдаршам туралы сұрақтар қойды. Балалар үшін қызықты және танымды болды деп есептейміз. Ал біз үшін тәлімгерлер рөлінде болу мақтаныш, – деп өз ойымен бөлісті Бағдаршам жасағының командирі.
Танымдық және қызықты саяхаттың соңында балалар «Менің ауылымдағы қауіпсіз жол қозғалысы» тақырыбында суреттер салды.