Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полициясы қалта ұрлығынан сақтану жолдарын айтты

Павлодар облысының полициясы қалта ұрлығынан сақтану жолдарын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық қылмысы адамдар көп жиналатын жерде жасалады: базарлар мен сауда орталықтарында, қоғамдық көліктерде, стадиондар мен мейрамханаларда. Көбінесе қалта ұрыларына «жұмысын» атқару үшін бірнеше секунд жетіп жатыр.

Мәселен, бүгін Орталық алаңда Наурыз айында белгісіз бір қыз полицияға жүгініп, көп адам жиналған жерде күртешенің қалтасынан iPhone 13 телефоны ұрланды деп арызданды. Полицейлер осы фактіге қатысы бар адамды іздестіру бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Полиция аса қажет болмайтын қосымша ақшаны, қымбат зергерлік бұйымдарды, құжаттар мен кілттерді алып жүрмеуді, адамдар көп жиналатын қоғамдық көліктерге, дүкендерге және сауда орындарына шыққанда немесе кіргенде сергек және ұқыпты болуды еске салады.

– Ешқашан ұмытпаңыз, қылмысты «ізін суытпай» ашудың негізгі кепілі – полиция органдарына уақытылы жүгіну, сондай-ақ қылмыскердің сыртқы келбетін дәл және толық сипаттау. Бұл – қылмыскерлерді іздестіру мен ұстаудың ең сенімді жолы, яғни мүлікті қайтару мүмкін, – деп атап өтті Павлодар облысының полициясы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру