Павлодар облысының полициясы жеке құрамға гарнизондық жиын өткізді
Павлодар облысының полициясы жеке құрамға гарнизондық жиын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полициясы жеке құрамның қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын арттыру мақсатында жалпы гарнизондық нұсқама өткізді. Нұсқамаға облыс орталығындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғауға шығатын барлық қызметкерлер қатысты: патрульдік полиция батальоны мен ротасы, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция қызметкерлері, арнайы бөлімшелер, кинологтар, тергеушілер мен жедел уәкілдер, сондай-ақ 5512 ә/б әскери қызметшілері.
Гарнизондық нұсқауды облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр жүргізіп, қызметкерлерге алғыс айтып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша қойылған міндеттерді ерекше атап өтті.
Мереке күндері қала мен облыс көшелерінде көп адам жиналады. Бұл бізге қоғамдық тәртіпті сақтауда екі есе жауапкершілік жүктейді. Біздің міндетіміз – азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Павлодар облысы аумағында конституциялық тәртіпті сақтау үшін қызмет атқаратын жеке құрамға батылдығы мен табандылығы үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әскер қызметшілері мен әскери борышын туыстарынан алшақ орындап жүрген қызметкерлерге ерекше алғысымды айтамын. Жеке құрамның ішкі істер министрі қойған міндеттерді ойдағыдай орындап жатқанын көріп отырмыз. Біз "Заң және тәртіп" қағидаттарын ұстана отырып, азаматтарымыздың құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз етеміз, – деді Василий Скляр.
Департамент басқармаларының бастықтары өткен тәулікте облыс аумағындағы жедел жағдай туралы ақпаратты жеке құрамға жеткізді. Кезекшілік алдында патрульдік экипаждарға нұсқау бере отырып, полиция қызметкерлеріне заңдылықты мүлтіксіз сақтау, қызмет атқару кезінде азаматтарға құрметпен қарау және "Заң және тәртіп" қағидатын іске асырудың маңыздылығы ескертілді.