Павлодар облысының тәртіп сақшылары 527 пәтерді тексерді
Павлодар облысының тәртіп сақшылары 527 пәтерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда Павлодар қаласында полиция қызметкерлерінің бақылауында жалға берілетін 564 пәтер бар. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары 527 пәтерді тексерді.
Мұндай рейдтер барысында пәтер жалдаушылар туралы, сондай-ақ жылжымайтын мүлік иелері туралы толық мәліметтер алынды.
Сонымен қатар, ел аумағында басқа елдердің – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясының және т.б. азаматтары болатыны белгілі. Бұл азаматтар да полицияның тұрақты бақылауында. Айта кету керек, олардың кейбіреулері Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзуға жол берді, осыған байланысты әрбір құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілді.
Павлодар облысының аумағында құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеудің алдын алу үшін, сондай-ақ ауыр қылмыстарға жол бермеу үшін өңірлік комендатурасы тұрғындардан күдікті адамдар анықталған жағдайда полицияға хабарлауды сұрайды.