Павлодар облысының тәртіп сақшылары көше-жол желілерін бақылауда ұстайды
Павлодар облысы Екібастұз қаласының полициясы күн сайын өңірдің көше-жол желісіне тексеру жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалада жыл басынан бері 29 көше-жол желісі тексеріліп, жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар берілді. Жолдар мен қарау құдықтарын тиісінше ұстамағаны үшін заңды және лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.
Мысалы М. Мәметова – Энергетиктер көшелерінің қиылысында бағдаршам объектісінің дұрыс жұмыс істемегені үшін жергілікті атқарушы орган жазаланып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Байқау құдықтарын ұстау бойынша талаптарды орындамағаны үшін Екібастұз қаласының коммуналдық кәсіпорны жауапқа тартылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ жол белгілерін қалпына келтіру және бағдаршам нысандарының жұмысы бойынша нұсқамалар жолданды.
– Полицияны тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар жол қозғалысын ұйымдастырудың 50-ге жуық техникалық құралдарын (белгілерді) қалпына келтіріп, орнатты. Екібастұз өңірінің аумағында орналасқан теміржол өткелдеріне үш тексеру жүргізілді, – дейді Екібастұз қалалық ПБ әкімшілік полиция бастығы Нұрғазы Жамшитов.