Павлодар облысының тұрғындары көптен күткен бағдаршамды орнатқан полицейлерге алғыс айтты
Павлодар облысының тұрғындары көптен күткен бағдаршамды орнатқаны үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атына Радиозавод және Молзавод шағын аудандарының, сондай-ақ саяжай секторының тұрғындарынан Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Жәнібек Қабышев пен тәртіп сақшысы Ерлан Қожахметовтың атына алғыс келіп түсті.
Өз хатында ризашылық білдірген тұрғындар Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Жәнібек Қабышевке Нефтехим ЛТД трассасы мен Омбы трассасының қиылысында бағдаршам орнатуға, шағын аудандар жолдарында жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнатуға қатысты мәселелерді шешуге көмектескені үшін шын жүректен алғыстарын білдіреді.
– Жәнібек Қабышев менің үндеуіме түсіністікпен қарады және өз тарапынан халықтың проблемаларына бей-жай қарамайтынын көрсетті (тоғыз жылдан астам уақыт бойы бұл мәселе шешілмеген еді). Сондай-ақ мемлекеттік автоинспектор Ерлан Қожахметовке алғысымды білдіргім келеді, ол қысқа мерзімде басшының тапсырмасын жауапкершілікпен және адал орындады, – деп жазылған хатта.
Бағдаршам мен жол белгілерін орнату арқылы апаттардың алды алынып, көптеген адамдардың тағдыры сақталады.