Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғындары полиция қызметкерлеріне күн сайын алғыс білдіреді

Павлодар облысының тұрғындары полиция қызметкерлеріне жеделдігі, кәсібилігі және құзыреттілігі үшін күн сайын алғыс білдіреді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті алғыс Павлодар қаласының ПБ орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Дәуіт Саттар мен Айтан Әбілқасовтың атына келіп түсті.

Полицияға қала тұрғыны банк қосымшасы арқылы қашықтағы шотқа 60 мың теңге көлемінде ақша аударғаны туралы өтінішпен жүгінді.

Полиция қызметкерлері бұл жағдайды жедел тексеруге кірісті. Тексеру барысында қашықтағы шот жіберілген нөмірге қоңырау шалынды. Әңгімеде алаяқтық әрекеттерді жүзеге асыратын үшінші тұлғалар қашықтағы шотқа қол жеткізгені анықталды.

Жағдайды түсіндіргеннен кейін ЖК иесі өтініш берушінің жағдайына кіріп, аударылған ақшаны қайтарып берді.

- Полиция қызметкерлеріне үйлесімді және жедел жұмысы үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сізге және Сіздің жақындарыңызға денсаулық тілеймін, - деп жазды қала тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру