Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Успен ауданының тұрғыны Татьяна Краустан алғыс келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол полиция қызметкері Мақсат Дүйсембаевқа ағасының өлімін тез ашқаны үшін алғысын білдіреді.

Анатолий Ткаченконы өлтіру фактісі 2020 жылдың желтоқсан айында орын алған. Успен ауданының полиция қызметкерлері, оның ішінде аға тергеуші Мақсат Дүйсембаев қылмысты қысқа мерзімде ашып, кінәлі адамды анықтады.

– Мақсат Дүйсембаевқа мол бақыт, мықты денсаулық және қызметте табыс тілеймін, – дейді Татьяна Ивановна.

Сондай-ақ, ауыл тұрғыны М.Дүйсембаевтың өз ісіне адал, нағыз полицейдің үлгісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру