Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны учаскелік полицейге алғысын білдірді

Павлодар облысының полиция департаментіне қала тұрғындарынан алғыс хаттар тұрақты түрде түсіп отырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтар полиция департаментінің @dp_pavlodar «Instagram» әлеуметтік желісінің дайрект бөліміне де жазады.

Мәселен қала тұрғыны Валерия Хабирова оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Мерлан Смағұловқа кезекті алғыс хатын жазды.

– Көршім 3-4 күн бойы балағат сөздер мен қорқытулар жазылған жазбалар жіберді. Мен учаскелік полиция қызметкері Мерлан Смағұловқа жүгіндім. Қызметкер оның жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Құқық бұзушының кінәсі дәлелденген қолжазба сараптамасы жүргізілді. Сот процесі өтіп, жинақталған материалдар мен Мерлан Смағұловтың сапалы жұмысының арқасында мен жеңіп шықтым. Учаскелік полиция қызметкері Мерлан Смағұловқа кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғысымды білдіремін. Ол әкімшілік іске аса жауапкершілікпен қарады, барлық қажетті сараптамаларды тағайындап, жүргізді, бұл ақырында сот отырысының оң нәтижесіне әкелді. Сіздерге осындай қызметкер үшін алғыс айтамын және осындай үлгілі полицейлердің көбейе беруін тілеймін, – деп жазды ризашылығын білдірген Валерия Хабирова.

– Барлық шараларды қолданып, облыс тұрғындарына көмектесу біздің басты міндетіміз, – дейді Мерлан Смағұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру