Павлодар облысының тұрғыны учаскелік полицейлерге алғыс білдірді
Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атына Ақсу ауданы Қалқаман ауылының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өз хатында әйел Қалқаман ауылының учаскелік полицейлеріне - Аманбол Халхей, Махади Терлуев және Әділет Доланбаевқа алғыс білдірген.
– Жігіттерге қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, күн-түн демей қажет кезде көмектескені үшін рақмет. Әрқашан сыпайы және әдепті, олар кез келген қиындықты кәсіби және тез шешеді. Біз, қала тұрғындары полиция қызметкерлерінің қажымас және адал еңбегін, жоғары жауапкершілігін жоғары бағалаймыз, – деп жазылған хатта.