Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына алғыс айтты

Павлодар облысының тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына алғыс айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Атамекен кентінің тұрғынынан учаскелік инспекторларға арналған шынайы алғыс хат келіп түсті.

– Солтүстік полиция бөліміне қарасты учаскелік полиция инспекторлары Алмас Қыпшақбаев пен Серік Әбішевке алғысымды білдіремін. Олар біздің ауылда тұрмайтын әрі бағытын жоғалтқан достарымның атасын табуға үлкен көмек көрсетті. Мен оларға жүгінген сәтте, бір сәт те кідірместен, дереу іздеу жұмыстарын бастап, көп ұзамай атаны Ресей шекарасынан тапты. Полицейлердің үйлесімді іс-әрекетінің арқасында ол дін аман отбасына оралды. Біздің учаскелік полицейлер әрқашан көмекке келуге дайын. Кез келген уақытта, түннің қай мезгілі болмасын, оларға хабарласуға болады – міндетті түрде жауап беріп, әрбір тұрғынға қолдау көрсетеді. Олар өз қызметін шынайы ар-ұжданмен атқарады. Жігіттерге жұмыстарына табыс тілеймін, көрсеткен көмектері үшін үлкен рақмет, – дейді Атамекен кентінің тұрғыны өзінің бейнежолдауында.

Полиция департаментінің басшылығы тұрғындардың ішкі істер органдары қызметкерлеріне деген оң көзқарасын жоғары бағалап, полицейлердің кәсіби қызметіне берілген жоғары баға мен шынайы алғыстары үшін ризашылығын білдірді.

Полицейлердің өздері де қызмет барысында "Заң және тәртіп" қағидатын басты ұстаным ретінде қабылдайды. Бұл қағида – ішкі істер органдарының қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы басты бағыттарының бірі. Халықтың сенімі – бұл құқық қорғау қызметінің басты өлшемі. Азаматтардың үнін есту, оларға дер кезінде қолдау көрсету – әр полицейдің абыройлы борышы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру