Павлодар облысының тұрғыны жанашыр полиция қызметкерлеріне алғыс айтты
Павлодар облысының тұрғындары полиция қызметкерлеріне жеделдігі, кәсібилігі және жанашырлығы үшін күн сайын алғыс білдіреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының тұрғыны Анна Звигинцевадан ІІМ мен Павлодар облысы полиция департаментінің басшылығына кезекті алғыс сөздер келіп түсті.
- Екібастұз қаласы полиция басқармасы қызметкерлеріне менің өтінішіме жедел, кәсіби әрі жауапкершілікпен қарағаны үшін шынайы алғысымды білдіремін. Атап айтқанда, полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергеновке жеке бақылау жасап, құқықтық ұстаным мен қағидаттылық танытқаны, сондай-ақ қорғау ұйғарымын уақытылы қабылдағаны үшін ерекше ризашылығымды білдіремін. Бұл маған мемлекет тарапынан қауіпсіздік пен қамқорлықты сезінуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығының орынбасары Самат Омаровқа – мәселені ұқыпты әрі әділ қарағаны және құқықтық қорғауға үлес қосқаны үшін алғыс білдіремін. Полиция ардагері Фатима Ахмечановаға – құқықтық сауаттылығы, жан-жақты кеңестері мен шынайы қолдауы үшін алғысым шексіз. ІІМ қызметкері Ғалым Сарғұловқа – жағдайға шұғыл әрекет етіп, жедел көмек көрсеткені үшін, ал учаскелік инспектор Дәуренбек Олжановқа – өтінішпен жұмыс істеген кезде танытқан кәсібилігі, нақтылығы мен ұқыптылығы үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Заң мен тәртіп – қоғамымыздың мызғымас іргетасы. Осындай адал әрі кәсіби полиция қызметкерлері алдыңғы шепте тұрып, сол іргетасты қорғауда. Сіздердің сауатты, жедел әрі жауапты жұмыстарыңыз үшін шынайы алғыс айтамын, - делінген хатта.