Павлодар облысының тұрғыны жолда көмектескен полицейлерге алғыс білдірді
Павлодар облысының тұрғыны жолда көмектескен полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн сайын тәртіп сақшыларына әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қиын жағдайға тап болған көлік жүргізушілеріне уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтылады. Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына Ертіс ауданының тұрғыны «012» борттық нөмірі бар патрульдік полиция ротасының экипажына алғыс білдіріп, автокөлік бұзылған сәтте қасында болып, көмек көрсеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл экипаждың құрамында Ерболат Мұстафин мен Айдын Ахметов болған.
– 21 қыркүйек сағат 11:00-де мен Павлодар қаласына отбасыммен, жұбайым қызым, кішкентай ұлыммен жеке көлігімізбен шықтық. Қалаға шамамен 70 км қалғанда дөңгелек жарылды. Мен оны ауыстыра бастадым, бұл қарапайым жағдай сияқты, бірақ қосалқы дөңгелек менің көлігіме сәйкес келмейтін болып шықты. Менің таңқалғаным, қазіргі уақытта жүргізушілерде бір-біріне деген қолдау жоқ екен. Мен көліктерді тоқтатуға тырыстым, бірақ ешкім тоқтамады. Дәлірек айтқанда, дөңгелектері де менің көлігіме сәйкес келмейтін бір ғана көлік тоқтады. Ал қалғандары өтіп кетті. Біраз уақыттан кейін бізге патрульдік көлік келді, олар маған көмектесті, маркалы автокөлікті тоқтатты және қосалқы құрал сұрады. Олардың арқасында мен қалаға аман-есен жеттім. Мен жолда қанша тұратыным белгісіз еді. Үлкен рақмет. Олардың есімдері Ерболат Мұстафин мен Айдын Ахметов. Сіздерге көп рақмет! Алла денсаулық берсін! Отбасылық әл-ауқат және жоғарылау тілеймін! Әрқашан осындай жанашыр және ақкөңіл болыңыздар! Сіздер бейбіт уақытта біздің тыныштығымызды қорғайсыздар! Сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін, – деп жазды автор өз хатында.