Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының жедел қызметкерлері Екібастұз жастары үшін пайдалы іс-шара өткізді

Павлодар облысында полицейлер жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Осындай іс-шаралардың бірі "Шанхай" спорт кешені базасында өтті.

Еркін күрес бойынша жаттығу кезінде спортшылармен профилактикалық әңгіме ұйымдастырылып, жастарға құқықтық қауіпсіздік және заң талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шара барысында Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының аға тергеушісі Хаким Абдуалиев спортшыларға өз құқықтарын қорғау, өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы кеңестер берді.

– Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу. Атап айтқанда, бопсалау, адам саудасы сияқты ауыр қылмыстардың белгілері мен олардан қорғану тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар қылмыскерлердің түрлі қаржылық ұсыныстары мен тұзақтарына түсіп қалмау жолдары нақты мысалдармен жеткізілді. Лекцияға қатысқан жоғары сынып оқушылары мен жастар маңызды әрі пайдалы ақпарат алды, – деді Хаким Абдуалиев.

Кездесу барысында жастарға қауіпті жағдай туындаған кезде қайда және қалай жүгіну керектігі, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай профилактикалық кездесулер жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

– Біз жастар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ұмтыламыз. Осындай іс-шаралар құқық бұзушылықтың алдын алуға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді. Әрбір жас өз құқықтарын біліп, қауіп-қатерден қорғана алуы тиіс, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Мұндай бастамалар жастар арасында заңға құрметті қалыптастыруға және олардың қауіпсіз, саналы ортада дамуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру