Павлодар облысының жедел уәкілі қызметі жайлы айтып берді
Павлодар облысының жедел уәкілі Мақсат Тілеубек қызметі жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел уәкілдердің негізгі міндеттері – қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес, ең бастысы әр істі соңына дейін жеткізу.
– Біздің жұмысымыз өте қызықты. Жедел уәкілдер күн сайын әртүрлі қылмыстарға тап болады. Ал ақпараттық технологиялар ғасырында қылмыскерлер де бір орында тұрмайды, сондай-ақ жаңа техникалық мүмкіндіктерді пайдаланады, бұл біздің міндеттерімізді қиындатса да, алайда оларды ашу одан да қызық, – дейді жедел уәкіл Мақсат Тілеубек.
Мақсат Семей заң колледжін бітіргеннен кейін 2006 жылы іздестіру тобының жедел қызметкері болып қызмет атқара бастады. Кейінірек ол аға жедел уәкіл, криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары, содан кейін Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі болып тағайындалды. Жақында Екібастұз қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкіл болып тағайындалды.
Криминалдық полиция саласында жұмыс істеген жылдары ол көптеген қылмыстарды ашты.
– Мен ашқан алғашқы қылмыстар пәтер ұрлығы мен алаяқтық болды. Қала тұрғыны жасаған алаяқтық қылмысын еске алсақ, сонда мен біздің азаматтарымыздың неге соншалықты сенімшіл екеніне таң қалдым? Сол кездері қалада жалған ақшамен есеп айырысу фактілері жиілеп кетті. Сатушылар «Төлем құралы болып табылмайды» деген жазуы бар банкноттарды қабылдаған да кездер аз емес болды. Алаяқтың алғашқы құрбаны сауда үйіндегі кеңсе тауарлары бөлімінің жалға алушысы болды. Алдымен алаяқ 10 мың теңгені ұсатып беруін сұрады. Сатушы ұсатып бере алмаймын дегесін, одан үш мың теңгеге кеңсе тауарларын сатып алған. Сатушы артық ақшасын қайтарып жатқанда, сатып алушы басқа өнімді көрсетуді сұрап, оның назарын басқа жаққа аударатын, – деп еске алады Мақсат Тілеубек.
Келесі жәбірленуші такси жүргізушісі болды, онымен бірге ер адам Екібастұздан Солнечный кентіне барғаны үшін номиналы 10 мың теңге болатын кәдесый купюрасын берген. Ұқсас әрекеттерді қылмыскер тағы бірнеше дүкендерде жасаған. Сонымен қатар ол тағы бірнеше ұрлық жасаған.
– Әйел адам полицияға қоңырау шалып, байланыстың екінші жағында жылап, оны бір ер адам өзін полиция қызметкерімін деп, танысын қамауға аламын деп қорқытып, қабырғаға қаратып, тінту жүргізді. Ештеңе таппаған соң, оның сөмкесін тартып алған, ол жағдайды анықтағанға дейін деп Nokia телефоны мен қуаттандырғышты тартып алған. Біз бірқатар жедел іс-шаралар өткіздік, нәтижесінде күдікті ұсталды, – деді Мақсат.
Өз әрекеттері үшін қаскүнем сотталды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілей отырып, ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды.
– Біздің негізгі жұмысымыз – қылмыстарды ашу, бірақ әрбір бөлімшенің өз жұмыс майданы, өз бағыты бар. Криминалдық полиция бөлімінде із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеумен, белгісіз мәйіттердің жеке басын анықтаумен айналысатын іздестіру бөлімі; ұрлық пен тонау, алаяқтық сияқты мүліктік қылмыстарды ашу бөлімі бар. Мұндай қылмыстарды ашу – бөлімнің басты міндеті, – деп атап өтті және жедел уәкіл әріптестері мен ардагерлеріне зор денсаулық, шыдамдылық тіледі.