Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының жолдарында 120 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Павлодар облысының жолдарында бір тәулік ішінде 120 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында подицейлер бір тәулік ішінде облыс жолдарында 120 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

– Жылдамдықты 55 жүргізуші бұзды, 13 жүргізуші жол белгісін елемеді, техникалық ақаулы жағдайда көлік жүргізген 6 азамат анықталды, – деді Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Қалиақбаров.

Мысалы, 27 маусымда Омбы – Майқапшағай автожолында полиция Toyota Corolla көлігін байқады, оның жүргізушісі көлікті сенімсіз басқарған. Көлік құралын тоқтату туралы сигнал берілді. Әңгімелесу кезінде жүргізуші өзін дұрыс ұстамады, сұрақтарға жауап бермеді. Полицейлердің күмәнін дәрігерлер растады. 44 жастағы жүргізуші есірткіге мас болған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды, материал сотқа жіберілді. Көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру