Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар өңірінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 8 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар өңірінде жыл басынан бері 8 мыңға жуық жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөліктің тұтану құлыпындағы кілтті бұрар алдында қауіпсіздік белдіктерімен бекіту керек екенін көптеген адамдар жүргізуші болғанға дейін біледі. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл қажеттілік жиі еленбейді.

Сонымен қатар, апат кезінде ауыр жарақат алу себептерінің бірі – жүргізуші немесе жолаушы белдікпен бекітілмеген.

– Статистика бойынша, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану 70% жағдайда жарақат алудан сақтайды, ал көптеген батыл жүргізушілердің белдіктердің орнына таңдаған қауіпсіздік жастықтары тек 30% құрайды. Бүйірдегі соқтығысу кезінде тағылған белдіктермен құтқарылу мүмкіндігі 5 есе, ал маңдайшамен соқтығысу кезінде – 10 есе көп, – деп есептейді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Павлодар өңірінде жыл басынан бері 7887 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

– Мысалы, Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Академик Сатпаев көшесінде жүргізуші белдік тақпаған Toyota Camry автокөлігін тіркеді. Тәртіп бұзушы анықталды, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, 5 АЕК айыппұл салынды, – деп хабарлады тәртіп сақшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру