Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері агрессивті мінез-құлыққа қарсы психологиялық дайындықтан өтті

Павлодар полицейлері агрессивті мінез-құлыққа қарсы психологиялық дайындықтан өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтармен тиімді байланыс орнатып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби төзімділігін арттыру мақсатында психолог маман "Агрессивті арызданушылармен қарым-қатынас және автоагрессияны түсіну" тақырыбында оқыту әңгімесін өткізді.

Кездесу барысында ішкі істер органдарына өтінішпен жүгінетін азаматтардың агрессивті мінез-құлқы жайында кеңінен сөз қозғалды. Психолог мұндай мінез-құлықты дер кезінде танып, салқынқанды болудың жолдарын және шиеленісті жағдайды жұмсартуға ықпал ететін тиімді диалог құру әдістерін түсіндірді.

Сондай-ақ аутоагрессия ұғымына да ерекше тоқталып өтті. Адамның өз-өзіне бағытталған бұл агрессиясы шамадан тыс өзін-өзі кінәлау, өзін жоюға бейімділік, көмек қолынан бас тарту немесе суицидтік ойлар арқылы көрініс беруі мүмкін. Мұндай белгілерді, әсіресе күйзеліске түскен, үмітсіздікке бой алдырған немесе дағдарыс жағдайында жүрген азаматтардан байқай білу аса маңызды.

Мұндай оқыту кездесулері полицейлердің психологиялық дайындығын жетілдіріп қана қоймай, күрделі жағдайға тап болған адамдарға деген жанашыр әрі кәсіби көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл – құқық қорғау қызметінің адами әрі гуманистік қырын нығайтудың бір жолы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру