Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері балаларға пайдалы сабақтар өткізді

Павлодар полицейлері балаларға пайдалы сабақтар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кезекті рет республикалық “Балдәурен” оқу-сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға барды.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, көшеде, үйде және демалыста қауіпсіздік ережелері, жеке заттарының сақталуына жауапкершілік туралы әңгімелесті.

– Біз балаларға жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы айттық. Балалар өздерін қаскөйлер тарапынан мүмкін болатын құқыққа қайшы әрекеттерден қалай қорғауға болатынын, жеке қауіпсіздік ережелері туралы, қандай жағдайларда полиция қызметкерлеріне жедел жүгіну қажет екенін, сондай-ақ жасөспірімдерге темекі және синтетикалық есірткіні шегудің зияны, электрондық темекіні, вейптерді қолданудың салдары қандай болуы мүмкін, лудомания дегеніміз не және ол неге қауіпті екендігі туралы мәліметтермен танысты, – дейді полиция қызметкерлері.

Балалар тәртіп сақшыларын мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, оларға жауап алды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру