Павлодар полицейлері ІІО ардагерін мерейтоймен құттықтады
Ішкі істер органдарының ардагері Азат Сейілханов өз мерейтойын жұмыс орнында атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласы полиция басқармасының басшылығы қалыптасқан дәстүр бойынша мерейтой иесін айтулы күнімен құттықтады.
Азат Сейілханов 1993 жылы Павлодар қаласы Ильичев АІІБ учаскелік полиция бөлімінде ұзақ уақыт жұмыс істеді. Кейін қызметін қоғамдық қауіпсіздік, әкімшілік полицияда басшылық лауазымдарда жалғастырған. Облыстық ІІД-де жеке құрамы бойынша инспекция бастығы болған. 2011 жылы Павлодар қаласы ІІБ бастығының орынбасары лауазымынан полиция подполковнигі атағымен құрметті демалысқа шықты.
Ардагер қызмет ету кезеңінде «Полиция үздігі» төсбелгісімен, «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және бірнеше рет мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталған.
– Азат Сейілханов өз өмірінің үздік жылдарын ішкі істер органдарында қызмет етуге арнады, өз ісінің бірнеше буынын тәрбиеледі, олар қазір де лайықты үлес қосуды жалғастыруда. Дәл осы жерде біз ұрпақтар сабақтастығының негізін және қазақстандық полицияның даңқты дәстүрінің жалғасын көріп отырмыз, – деп атап өтті басқарма бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев өз құттықтау сөзінде.
Кездесу барысында облыстық ардагерлер кеңесінің және Павлодар облысы Ұлттық ұланының төрағасы Бақберді Абраев ардагер полицейге ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымының грамотасын тапсырып, құттықтады.
Өз кезегінде Азат Сейілханов жиналғандарға алғысын білдіріп, полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамына зор денсаулық пен амандық тіледі.