Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері мас жүргізушілерді анықтады

Павлодар полицейлері мас жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 90 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 7 көлік жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізді.

– Мысалы, Торайғыров-Баян батыр көшесінде патрульдеу кезінде есірткілік мас күйде JAC көлігін басқарған жүргізуші тоқтатылды. Жүргізілген медициналық куәландыру бұл фактіні растады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды, оған сәйкес сот ер адамды он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Осындай бұзушылық фактісі Павлов көшесінде тіркелді. Бұл жолы «102» нөміріне қала тұрғындары жүгінді, олар көлікті мас әйел жүргізіп келе жатқанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары бұл көлікті тоқтатып, жүргізушіге медициналық куәландыру жүргізіліп, оның мас болғаны расталды. Әйелдің көлігі айыптұраққа жіберілді. Құқық бұзушының өзіне қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сот оны он бес тәулікке әкімшілік қамауға алып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырды.

Полицейлер биыл алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарған 1432 жүргізушінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Әрқайсысы қолданыстағы заңнама аясында жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру