Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері өртенген көлікті дер кезінде сөндіруге көмектесті

Екібастұз тұрғыны полицейлерге оның өртенген көлігін сөндіруге уақытылы көмектескені үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусым күні Екібастұз қаласының тұрғыны отбасымен бірге Nissan автокөлігімен Солнечный кентіне қарай бет алады. Б.Момышұлы көшесімен жүріп бара жатқан кезде күтпеген жерден көлік капотының астынан түтін шыға бастайды.

– Мен бірден тоқтап, абдырап қалдым. Осы уақытта жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Медет Бейсенов, патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары Еркін Мейірман және Қанаш Дархан автопатрульмен келіп, түтінді байқап, жедел шаралар қабылдады. Полицейлер қызметтік автокөліктен өрт сөндіргішті алып шығып, өртті сөндіре бастады. Полиция қызметкерлерінің білікті және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт тез сөндірілді. Полицейлердің кәсіби әрекеттерінің арқасында көлік қатты зардап шеккен жоқ және жөндеуден кейін мен оны әрі қарай жүргіземін. Маған автокөлікті тұрғылықты жерім бойынша жеткізіп берді, – деді қала тұрғыны Денис Бейсембаев.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру