Павлодар полицейлері қарттар мен мүгедектерге арналған орталықтың аумағын қардан тазартты
Павлодар полицейлері қарттар мен мүгедектерге арналған орталықтың аумағын қардан тазартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының полицейлері әрдайым мұқтаж жандарға көмек көрсетуге тырысады. Өткен демалыс күндері Павлодар қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, оның аумағын қалың қардан тазартты.
– Біздің орталықта бүгінде 242 адам тұрады. Бұл егде жастағы адамдар, олардың ең үлкені 100 жаста және мүмкіндігі шектеулі адамдар. Біздің басты міндетіміз – орталық тұрғындары үшін үй жағдайында жағдай жасау. Бүгін Полиция басқармасының қызметкерлері бізге үлкен көмек көрсетті, аумақты қардан тазартты. Полицейлерге көрсеткен қолдаулары үшін рақмет, – деп атап өтті , – деді «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» дәрігері Сәбит Жалбағаев.