Павлодар полицейлері тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
Павлодар полицейлері тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сұрақтар көп болды. @dp_pavlodar Instagram парақшасын жазылушылары мен облыс тұрғындары әрқашан онлайн эфирлерге белсенді қатысады.
– Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өңір тұрғындарымен онлайн – кездесу өткіздік. Іс-шара «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында өткізілді, – деді Павлодар облысы ПД процессинг орталығының бастығы Бауыржан Мақашев.
Құқықтық тәртіп сақшысы аталған акция аясында жол-техникалық инспекция, әкімшілік практика, процессингтік орталық өкілдерімен, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін қорғауды жүзеге асыратын қызметкерлермен түсініктемелер мен кеңестер берілгенін атап өтті.
Сондай-ақ айыппұл төлеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі және т.б. мәселелер бойынша ақпараттар мәлімет жеткізілді. Әрбір өтініш полицияның бақылауына алынды.