Павлодар полицейлері тоғыз ұрлыққа қатысы бар үй тонаушыны қолға түсірді
Павлодар облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері тоғыз ұрлыққа қатысы бар үй тонаушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін полицияға жергілікті тұрғындардан пәтерлерден мүлікті ұрлау туралы бірнеше өтініш келіп түскен болатын.
– Анықталғандай Қарағанды облысының 43 жастағы тумасы түнде пластикалық терезелерді сығу арқылы тұрғын үйлерге кірген. Ол негізінен планшеттерді, телефондарды, велосипедтерді ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған, – дейді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы 500 мың теңгеден асты.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полицейлер күдіктінің өңір аумағында басқа да осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғын анықтайды.