Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері тұрғындарға саяжай ұрыларынан сақтануды ескертеді

Павлодар полицейлері тұрғындарға саяжай ұрыларынан сақтануды ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саяжай маусымы аяқталуға жақын. Саяжай иелері учаскелерде тәртіп орнатуды аяқтап, саяжайларын қысқа дайындай бастайды.

– Құрметті саяжайлықтар, полицейлер қала тұрғындарына үйге бөгде адамдарға кіруді мүмкіндігінше қиындатуға кеңес береді. Мықты есіктер орнатып, оларды берік құлыптармен құлыптаңыздар, терезелерге темір торлар, жапқыштар қойыңыздар. Ілгек құлыптарды пайдаланбаған жөн, өйткені оларды бұзу оңай. Ссонымен қатар ұры үйде ешкім жоқ екенін бірден көре алады. Саяжайларда құнды заттарды қалдырмаңыздар, көршілеріңізбен жақсы араласыңыз, сонда олар саяжайыңызды сіз болмаған кезде тексеріп отырады. Олар үшін сіз де солай жасаңыз. Егер басқа біреудің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу полицияға “102” телефоны немесе “Police 102″мобильді қосымшасы арқылы хабарласыңыз. Жедел-тергеу тобының келуін күтіңіз. Егер шақырылмаған қонақпен бетпе-бет кездессеңіз, қарсыласпауға тырысыңыз. Өмір мен денсаулық маңызды. Егер шабуылдаушы кетіп қалса, оның қай жаққа қарай кеткенін және түр-түсін есіңізге сақтап алыңыз, – деп еске салды полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру