Павлодар полицейлері тұрмысы нашар отбасылар арасында профилактикалық рейд жүргізді
Павлодар полицейлері тұрмысы нашар отбасылар арасында профилактикалық рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрақты түрде тұрмысы нашар отбасыларға профилактикалық рейдтер жүргізеді. Тәртіп сақшылары отбасының әрбір мүшесімен әңгімелеседі.
Негізінен полицейлер қылмыстың алдын алу туралы айтып, жасалған құқық бұзушылықтардың салдары қандай болатынын түсіндіреді.
– Ата-ананың жеке үлгісі бала үшін өте маңызды. Өйткені ол мінез-құлқының, өмірлік ұстанымының, өзін-өзі бағалау деңгейіне, оның мінез-құлқына, адамдарға деген көзқарасының қалыптасуына және жалпы оның жеке басының қалыптасуына әсер етеді, – дейді Павлодар ауданы полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Арина Мусина.
Инспектордың айтуынша жұмыс табуға көмектесу, заңгерлік кеңес беру, дағдарыс орталықтарына қол жеткізу – бұл аз қамтылған отбасылар әрқашан үміт артатын минимум. Олардың барлығы полиция қызметі мен әлеуметтік қорғау қызметінің бақылауында. Әсіресе кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне ас мән беріледі.
Осылайша тәртіп сақшылары Луганск, Ефремовка және Заңғар ауылдық округтерінде кезекті рейдтер жүргізді. Рейд барысында полицейлер тіркеуде тұрған және өздеріне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған 7 отбасына барды.
Мәселен, Заңғар ауылындағы отбасына барған кезде отбасылық-тұрмыстық деңгейдегі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Барған кезде есепте тұрған 30 жастағы ер адам үйінде болмады. Үйде ренжіулі әйелі мен балалары болды. Әңгімелесу барысында күйеуінің жанжал шығарғаны, оның үстінен балағат сөздер айтып, жұмысқа кеткені анықталды.
Отбасы бес бала тәрбиелеп отыр, олардың үлкені сегіз жаста, кенжесі бір жарым жаста. Ер адамға қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырды.
– Есепте тұрған тұлғаның жасаған құқық бұзушылығы бір жыл ішінде қайталанған. Сот қаулысымен ауыл тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды, – деді Павлодар ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Биқанов.