Павлодар полицейлері жасөспірімдерге электронды темекі сату фактісін анықтады
Павлодар полицейлері жасөспірімдерге электронды темекі сату фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабының нормасы темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекі, кальян қоспасын, темекіні жылытуға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды жиырма бір жасқа толмаған адамдарға сату жеке тұлғаларға он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлға әкеп соғады.
Егер бұл заң бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері едәуір артады.
Павлодар облысы Железин ауданының полиция қызметкерлері сауда нүктелерінің бірінде 21 жасқа толмаған азаматтарға электрондық темекіні сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабы бойынша кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қарау үшін материал сотқа жіберілді.
Полицияның хабарлауынша, 2022 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабын бұзғаны үшін Павлодар өңірінің 259 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.