Павлодар полицейлері жыл басынан бері алкоголь өнімін заңсыз сатудың 228 фактісінің жолын кесті
Павлодар облысының полицейлері алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының тәртіп сақшылары жыл басынан бері алкоголь өнімін заңсыз сатудың 228 фактісінің жолын кескен.
Мысалы Ткачев көшесі мекенжайындағы дүкендердің бірінде 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін белгіленген уақыттан тыс сату фактісі анықталды. Сатушы 5 бөтелке Weiss-Berg сырасын сатты. Осы бұзушылық бойынша жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік материал толтырылып, шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілді.
– Мұндай рейдтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі, -деп атап өтті полиция ведомствосында.