Павлодар полициясы орын алған көп миллиондық алдауды егжей-тегжейлі айтып берді
Павлодар полициясы орын алған көп миллиондық алдауды егжей-тегжейлі айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернеттің дамуы бізге үйден шықпай-ақ ақпарат пен қызметтерді қашықтан алуға, тауарларды сатып алуға және бәрін төлеуге мүмкіндік береді. Мұны сенгіш азаматтардан ақша алудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып, жүзеге асырып жатқан алаяқтар белсенді түрде пайдаланады.
– 2018 жылғы желтоқсанда Павлодар қаласының полициясына Шымкент қаласының 47 жастағы тұрғыны өтініш білдірді. Ер адам 2018 жылдың 21 қарашасында сағат 12:00 шамасында белгісіз адам Тәуелсіздік даңғылындағы үйдің ауласында алдау жолымен Өзбекстан Республикасының фермерлік шаруашылықтарының біріне тиесілі мүлікті иемденгенін хабарлады. Шығын сомасы 20.400 АҚШ долларын құрады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол орталық полиция бөлімінің тергеушісі Марина Пугачқа тапсырылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Тергеу барысында тергеуші 43 жастағы Алматы облысының тумасы астық нарығында үлкен тәжірибеге ие бола отырып, 2018 жылдың қазан айының басында сайт арқылы фермер қожалығының өкілімен танысқанын анықтады. Бұл шаруашылық одан әрі Өзбекстан Республикасына жеткізу үшін астық-бидай сатып алуды жоспарлады. Рашад Өтеуов сол кезде ақшаға мұқтаж 43 жастағы әйелдің алаяқтыққа бағытталған қылмыстық ниеті болғанын айтты.
Астық жеткізуде практикалық тәжірибесі бар, жақсы коммуникативті дағдыларға ие бола отырып, ол Өзбекстан Республикасына қажетті көлемде және сапада астық жеткізу туралы ЖШС өкілімен келіскен. Әрі қарай ол өзінің досына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың көрінісін жасау үшін ЖШС-ті тіркеуді ұсынды. Өз кезегінде тұрақты табыс көзі жоқ және ақшаға мұқтаж дос мұндай тартымды ұсынысқа келісті. Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін Қостанай қаласында әйел таныс ер адамның атына жеке тұлғаның валюталық шоты мен банк карточкасын ашты. Кейін хабарласып, фермерлік шаруашылық өкіліне бидайдың қажетті көлемі бар екендігі туралы жалған мәлімет берді.
Өз сөздерінің сенімділігі үшін оған Павлодар қаласында орналасқан астық қоймасын көрсетті. Бұл ретте бидайды жеткізудің нақты мүмкіндігі мен ниеті жоқ екенін біле отырып, соңғысын жаңылыстырды және ол 100 мың АҚШ доллары сомасына 2018 жылғы егіннің бидайын жеткізуге келісімшарт жасасуға өз келісімін берді. Қылмыстық ниетінен бейхабар өкіл есеп айырысу шотына 13 600 АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын жіберді.
2018 жылдың қараша айында өзінің қылмыстық жоспарын ұстана отырып, фермер қожалығының өкілдері Павлодар қаласына келді. Бір ай ішінде әйел контрактіні орындау бойынша «жұмыс көрінісін» жасады: астықты дайындау және жөнелту, Павлодар облысының Тереңкөл ауылына астықты қарау үшін «көрсету» сапарын жүргізді. Бір аптадан кейін оны адастыруды жалғастыра отырып, ол соңғысына Ресей Федерациясынан бидай сатып алу үшін қолма-қол 20 400 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты «оның бағасы өскендіктен» аудару қажеттілігі туралы хабарлады.
Көрсетілген мекенжайға келген бейхабар өкіл жарияланған соманы қолма-қол берген. Кейін ер адам қашып кетіп, ұялы телефон нөмірін ауыстырған.
– Тергеу барысында Павлодарлық тергеушілер күдіктілердің кінәсінің дәлелдерін мұқият жинап, ақшаны алу фактілері бойынша алаяқтық схеманың барлық барысын кезең-кезеңімен қалпына келтіріп, барлық дәлелдемелермен, куәгерлік айғақтармен, жазбаша құжаттармен, сарапшының қорытындысымен, сондай-ақ заттай дәлелдемелермен растады. Ертіс өңірі тергеушілерінің кәсіби жұмысының қорытындысы сот шығарған айыптау үкімі болды, оған сәйкес айыпталушылар бес жылға бас бостандығынан айырылды, – деп атап өтті Рашад Өтеуов.