Павлодар полициясы жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады
Павлодар полициясы жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жаз мезгілі келісімен облыс жолдарында микромобильді көлікті пайдаланушылар саны артты. Кейбір жүргізушілер қарапайым жол ережелерін білмей, жалпыға ортақ пайдаланылатын жолға шығып жүрді. Бұл жалпы апат жағдайына әсер етті.
– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ЖЖЕ бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында мотоцикл жүргізушілерімен кездесу өткіздік, онда микромобильді көлікті пайдалану бөлігінде заңнаманың талаптарын түсіндірдік. Жеке жауапкершілік туралы тағы да еске салдық. Полиция әрбір мотоцикл иесін ЖЖЕ мен жүргізу мәдениетін мүлтіксіз сақтауға шақырады, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Тәртіп сақшысы қала тұрғындары мен жол қозғалысына қатысушылар және мотоцикл жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуына, сондай-ақ олардың аймақ жолдарындағы қауіпті тәртібіне жиі наразылық білдіретінін атап өтті.
Жүргізіліп жатқан рейдтер шеңберінде полицейлер мотоцикл жүргізушілерінен олардың көліктің осы түрін пайдаланудың заңдылығына көз жеткізу үшін құжаттарды тексереді.
– Кездесудің маңызды бөлігі бізбен профилактикалық әңгімелер болды, оның барысында полицейлер ережелерді сақтаудың маңыздылығын және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндірді. Мұндай шаралар жүргізушілердің жолдағы қауіпсіз тәртібі туралы ақпараттандыру және қозғалыстың барлық қатысушысы үшін қауіпсіз жол ортасын құруға ықпал етуге арналған, – деп атап өтті кездесуге қатысушы Алексей.