Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар қаласында адам көп жиналатын жерлерге стационарлық полиция бекеттері орнатылды

Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Павлодар қаласының вокзал маңы алаңы мен қала жағалауында стационарлық полиция бекеттері орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның стационарлық пункттері сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, жедел басқару орталығына шығарылған модульдер болып табылады. Стационарлық бекеттің полицейлері деректер базасына қол жеткізе алады және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Оқиға туралы дабыл белгісін алған немесе азаматтар стационарлық бекетке жүгінген жағдайда полиция қызметкерлері дереу автопатруль шақырады. Бұл бекеттер тәулік бойы жұмыс істейді, тәртіп сақшылары мұнда екі ауысымнан екі адамнан тұрады.

Павлодар вокзалы күн сайын мыңдаған жолаушыларды «қарсы алады» және «жібереді», сондықтан мұнда қосымша бақылау қажет. Айта кету керек, іс жүзінде стационарлық бекеттер өз тиімділігін дәлелдеді.

Осылайша, вокзал маңы алаңындағы бекет қызметкерлері ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 3 қылмысты ашты, автоматтандырылған деректер базасы бойынша 850-ге жуық адам тексерілді, ОӘД-ға 1000-ға жуық адам жеткізілді. 960 азаматқа түрлі құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарының серуендейтін орнында-Орталық жағалауда, полиция тәулік бойы тәртіпті қадағалайды. 2020 жылдың сегіз айында мұнда үш қылмыс ашылды, оның біреуі-денсаулыққа ауыр зиян келтіру. Автоматтандырылған деректер базасы бойынша 480 адам тексерілді, түрлі құқық бұзушылықтар үшін 240 әкімшілік хаттама жасалды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектерсіз жүруінің 96 фактісі анықталды.

Сонымен қатар, азаматтар кез-келген уақытта осы бекеттерде қызмет ететін қызметкерлерге жүгіне алады. Полиция жоғалған телефондар, әмияндар және басқа да құнды заттар постқа әкелетінін және иесінің өз затын табу ықтималдығы өте жоғары екенін айтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру