Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны 52 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді

Павлодар тұрғыны 52 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

23 ақпанда Павлодар қаласында арнайы іс-шаралар барысында полицейлер бопсалаушылық күдігі бойынша 40 жастағы қала тұрғынын ұстады.

– Ер адам өткен жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында Павлодарда орналасқан ЖШС фирмасының бірінің директоры мен бас директорынан 52 млн 080 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты бопсалаған деген күдікке ілінді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына  қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру