Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны полицейге алғыс білдірді

Павлодар тұрғыны полицейге алғыс білдірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Успен ауданының тұрғыны Айгүл Дисеновадан Павлодар қаласы полиция басқармасы анықтау бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті.

— Кәсіби және нәтижелі жұмысы үшін, Павлодар қаласы ПБ анықтаушылары Ерлан Букуров пен Батырбек Баковқа шын жүректен алғысымды білдіремін, —дейді тұрғын.

Олардың көзқарасы, жоғары құзыреттілігі, табандылығы, қызметтік міндеттеріне адалдығы арқасында алимент төлемейтін адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сауатты жүргізілген жұмыстың арқасында іс сотқа сәтті жеткізілді, онда аталған азаматқа қатысты шешім шығарылды — 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындау туралы шешім шығара отырып, сотқа берілген қылмыстық іс қозғалды.

— Сізден осы қызметкерлерді адал еңбегі, жауапкершілігі және қызметтік міндеттерін сапалы орындағаны үшін көтермелеу мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын - деп жазды ризашылық білдірген әйел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру