Павлодар тұрғыны ұрлықты ашқан полицейлерге алғыс білдірді
Павлодар тұрғыны ұрлық жайтын ашқан полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Павлодар қаласы «Мелиоратор» ПКСТ төрайымы Салтанат Хасмудиновадан алғыс хат келіп түсті.
– Павлодар қаласының ЖПҚ қызметкерлері Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ербол Сапаровқа және патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Ердар Мұқатаевқа кәсібиліктері мен адал қызмет атқарғаны және бағбандыққа көрсеткен көмегі үшін алғысымызды білдіреміз, – деп жазады Салтанат Хасмудинова.
2021 жылдың қыркүйек айында аталған қызметкерлер Садовая 33 және 35 көшелерінде жасалған ұрлықты ашып, зардап шеккен адамға мүлкін қайтарды. Сондай-ақ, 2021 жылғы 2 қарашада сағат 00.20-да Черемуховая 8 көшесінде жасалған ұрлықтың алды алды.
– Алдағы уақытта да сіздердің қызметкерлеріңіз қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесуге көмектесетін болады деп сенеміз, – деп жазылды хатта.