Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны ұрлықты ашқан учаскелік полиция инспекторына алғыс айтты

Павлодар тұрғыны ұрлықты ашқан учаскелік полиция инспекторына алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына алғыс хат келді.

Павлодар қаласының тұрғыны Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ғалымжан Кәбірге үлкен алғыс білдіреді. Ол бірнеше минуттың ішінде қаскүнемді ұстап, ұрланған телефонды иесіне қайтарды.

Наталия Федорина айтқандай, ол Катаев көшесіндегі қалалық ПИК-тің бірінде есепші болып жұмыс істейді. Тал түсте, жұмыс уақытында кенеттен кабинетке ер адам жүгіріп келіп, үстел үстінде жатқан телефонды алып, қашып кеткен. Наталия шұғыл түрде 102-ге қоңырау шалып, оқиғаның мән-жайын баяндады.

Сол уақытта кезекшіліктен үйге қайтып бара жатқан учаскелік инспектор Ғалымжан Кәбір оқиға болған жердің маңынан өтіп бара жатқан еді. Рациядан хабарламаны естіп, дереу сол адреске бағытталды.

Айтылған жерге жеткенде көрсеткен белгілеріне сәйкес келетін қашып келе жатқан ер адамды байқады. Ғалымжан Кәбір көліктен шығып, ер адамның соңынан жүгірді. Қылмыскер ұсталды, ал ұрланған телефон иесіне қайтарылды.

Наталия атап өткендей, Ғалымжан Кәбірді әкімшілік учаскесіндегі тұрғындардың бәрі таниды. Ол жауапкершілігі мол қызметкер, 24/7 жұмысқа берілген қызметкер. Жеке уақыты болса да, әрдайым көмек көрсетуге дайын тұрады.

– Ғалымжан сауатты әрі дереу түрде жұмысын атқарды. Жедел іс-әрекетінің арқасында менің телефоным қайтарылды. Бұл кісі өз жұмысына толығымен берілген. Біз полицияда ісіне жауапты, сезімтал адам қызмет жасайтынына қуаныштымыз. Көп рақмет. Қиын жұмысына табыс, мықты денсаулық тілеймін, – деп Наталия шын жүректен алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру